| 1 | Білім беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы | Білім беру ұйымының аталуы, орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан мекен-жайы). Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (телефон, электронды пошта, web-сайт). Заңды тұлғаның байланыс деректері (Басшының ФАӘ және лауазымға тағайындау туралы бұйрық туралы деректер). Құқық беруші және құрылтайшы құжаттар. Рұқсат етуші құжаттар. | Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама. Заңды тұлға өкілін басшы лауазымына тағайындау туралы бұйрық. Білім беру ұйымының Жарғысы. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама. | eGov.kz электронды үкімет порталы. Ресми интернет-ресурста орналастырылады. «Е-лицензирование» порталы. |
| 2 | Кадрлық құрамға талдау | Тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мазмұнға өлшемшарттар: мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын сақтау. Бағаланатын кезеңде басшылар мен тиісті бейін бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру; кемінде үш жылда бір рет басшы кадрлардың, педагогтердің біліктілігін кемінде бес жылда бір рет арттыру/растау туралы мәліметтер; педагогтердің біліктілік санатының деңгейін аттестаттаудан өткендігі жөніндегі мәліметтер. | Педагогикалық кадрлармен қамтылу туралы мәлімет. Басшының қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталған Әдістемелік ұсынымдарға 2-қосымшаға келісе кесте қоса беріледі, оның ішінде: бағаланатын кезеңге педагогтердің штаттық кестесі; тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, оның ішінде базалық білімі жоқ педагогтер туралы мәліметтер. | Ресми интернет-ресурста орналастырылады. |
| 3 | Тәрбиеленушілер контингенті | Тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мазмұнға өлшемшарттар: мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын сақтау. Жасына байланысты, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілер контингенті туралы мәліметтер; балаларды топтарының толықтығы туралы мәліметтер; әр түрлі жас топтарының болуы туралы мәліметтер; Білім алушылар (тәрбиеленушілер) контингентінің қозғалысы туралы мәліметтер; Білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы мәліметтер. Тәрбие және оқыту мерзіміне қойылатын талаптар: балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау; 1-сыныпқа қабылдағанға дейін МДТО үлгілік оқу бағдарламасын игеру мерзімдерін сақтау. | Бағаланатын кезеңдегі тәрбиеленушілер контингентінің тізімі. Әдістемелік ұсынымдарға 3-қосымшаға сәйкес басшының қолымен және мөрімен расталған кесте қоса беріледі. | Ресми интернет-ресурста орналастырылады. |
| 4 | Оқу-әдістемелік жұмыс | Тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мазмұнға өлшемшарттар: білім беру қызметін жүзеге асыру; тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптардың сәйкестігі және сақталуы. Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандартының талаптарына және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына және білім беру бағдарламаларына сәйкес ұйымдасқан қызметтің мектепке дейінгі үлгілік оқу жоспарына сәйкестігі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілер үшін бағаланатын кезеңге бекітілген білім беру бағдарламалары. | Бағаланатын кезеңге құрастырылған және бекітілген жұмыс оқу жоспарлары мен ұйымдасқан қызметтің перспективті жоспары. Бағаланатын кезеңге тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы. Бағаланатын кезеңге құрастырылған және бекітілген жеке оқу жоспарлары. Бағаланатын кезеңге ұйымдасқан қызмет. | Ресми интернет-ресурста орналастырылады. |
| 5 | Оқу-материалдық активтер | Тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мазмұнға өлшемшарттар: мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын сақтау. Ғимарат туралы мәлімет (ғимарат типі, салынған жылы, жобалық қуаты, ағымдағы және күрделі жөндеу өткізуге қажеттілік және басқалары). Жиһаз және жабдықтармен қамтылу туралы ақпарат. | Бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдардың тізбесі. Жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз ету туралы мәліметтер. Әдістемелік ұсынымдарға 4-қосымшаға сәйкес басшының қолымен және мөрімен расталған кесте қоса беріледі. | Ресми интернет-ресурста орналастырылады. |
| 6 | Ақпараттық ресурстар және кітапхана қоры | Тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мазмұнға өлшемшарттар: Оқу-әдістемелік кешендердің болуы туралы мәліметтер. | Әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшаға сәйкес оқу-әдістемелік кешендердің болуы туралы мәліметтер. | Ресми интернет-ресурста орналастырылады. |
| 7 | Тәрбиеленушілердің білімдерін бағалау | Баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің оқыту нәтижелерінің болуы; үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің даму мониторингтеу нәтижелерінің болуы және талдауы; балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингтеу нәтижелерінің болуы және талдауы (қорытынды). | Бағаланатын кезеңге баланың даму мониторингінің (бастапқы) нәтижелері. Бағаланатын кезеңге тәрбиеленушілердің даму мониторингін қамтамасыз ететін мектепалды жастағы тәрбиеленушілердің оқыту жетістіктерін мониторингтеу нәтижелері. Бағаланатын кезеңге баланың жеке даму картасы. | Ресми интернет-ресурста орналастырылады. |
| 8 | Білім беру процесіне қатысушылардың сауалнамасы | Ұсынылатын білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау бойынша білім беру процесіне қатысушылардың сауалнамасының нәтижелерін талдау. | Білім беру процесіне қатысушылардың сауалнамасы нәтижелерінің жиыны. | Ақпараттық жүйелерден жүктеу. |
| 9 | Кемшіліктер мен ескертулер, оларды шешу жолдары | | | |
| 10 | Қорытынды мен ұсыныстар | | | |